Өнімді зерттеу

Өнімдік зерттеулер компания өнімінің мықты және осал жақтарын, оны жақсарту жолдарын, қолдану тәсілдерін немесе жаңа өнімді шығаруға дайындықты қалай жасау керектігін түсінуге бағытталған.

Алдын ала тестілеу - жаңа дәмді жетілдіру, жақсырақ рецептура таңдау немесе орамасын бағалау кезінде табысқа жету мүмкіндіктерін анағұрлым арттырады. BRIF Research Group өнімді толықтай зерттеумен қатар, оның орамасы, органолептикалық қасиеттері, өнімнің сыртқы көрінісі, эргономикасы, функционалдығы сияқты құрамбөліктерін де зерттейді.  

Өнімді зерттеу мыналардан тұрады:  

  • Ораманы зерттеу  
  • Қолдану тәсілдері мен өнімді қолдану процесін зерттеу     
  • Өнімнің мықты және осал жақтарын түсіну    
  • Тұтынушылардың өнімге деген көзқарасы мен ниеттестігін түсіну   
  • Бағалық сараптама  
  • Өнімнің негізгі сипаттамасын зерттеу (conjoint-сараптама)

BRIF Research Group –ң өнімді зерттеу тәжірибессі

Біз өнімді зерттеу үшін әртүрлі әдістемелерді қолданамыз. Орама тестілеуді фокус-топтар арқылы белсенді қолданамыз, қолдану процесін үйдегі кездесулер немесе респондентпен ілесе жүріп затты сатып алу арқылы сараптама өткіземіз. Сандық сұрақтар барысында тауардың әсіресе маңызды сипаттамаларын анықтауға, conjoint сараптама жасауға болады. Өнімді зерттеуде ең жақсы нәтижелер кешенді жобалар барысында шығады. 

BRIF Research Group компаниясы соңғы 15 жылда 150-ден астам өнім зерттеулерін жүргізді. Біз азық-түлік өнімдерінен бастап косметика мен парфюмерияға дейінгі әртүрлі өнімдік категориялармен жұмыс істедік.