Күшті бренд жасау - кез келген компанияның жетістіктеріндегі өте маңызды элемент. Бұл әсіресе шарықтаған бәсекелестік жағдайында қатты байқалады.
Бренд зерттеу - брендті жасау, өңдеу және даму стратегиясын қолдауға көмектеседі. Қолыңызда брендіңізді әртүрлі сегменттер қалай қабылдайтыны туралы ақпаратыңыз болса, Сіз өзіңіздің бренд-стратегияңыздың мақсаттарына қолайлы жолдармен жете аласыз.
Бренд сараптамасы компанияның сыртқы ортасын жақсырақ түсіну, сонымен қатар мықты және осал жақтары мен компания брендін күшейту бойынша инсайттарды іздеп табу үшін жүргізіледі. Ең жақсы нәтижелерге жету үшін брендтерді зерттеу оқтын-оқтын өткізіліп тұруы керек және ол стратегия мақсаттарымен байланыста болуы қажет.
Қағида бойынша бренд зерттеу барысында біз мыналарды зерттейміз:
BRIF Research Group бренд зерттеулерін компания құрылғалы бері жүргізіп келеді. Біз брендті жүйелі түрде сараптама жасап, компанияларға бренд-стратегияларын өңдеуге және жақсартуға көмектесіп жүрген алғашқылардың біріміз.
BRIF Research Group-ң бренд зерттеуде тәжірибесі мол. Компания құрылғалы бері біз брендтің әртүрлі жайларын зерттеуге бағытталған 300-ден астам жобаларды іске асырдық. Қазақстандағы ірі FMCG компанияларының барлығымен дерлік жұмыс істедік. Сонымен бірге телекоммуникациялық, қаржылық, мемлекеттік және де көптеген басқа секторлар компанияларымен жұмыс жасадық.