Бриф компаниясы туралы

МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Біз  — маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізетін мамандармыз. Біздің клиенттеріміз бен командамызды үнемі даму мен жетілдіруге деген талпыныс біріктіреді. Клиенттеріміз бен әріптестерімізге қоғамды, нарықтарды жақсырақ тануға және жетістіктерге жетуге көмектесе отырып өзіміз де дамимыз!

Адамдар — компаниямыздың негізгі құндылығы.

КОМПАНИя ұстанымдары

әр клиенттің мәселелерін нақты, сапалы және уақытында шешу
Тек шынайы, тексерілген ақпарат беру 
СТРАТЕГИялы және КОНСТРУКТИВті ойлау, стандартты емес мәселелерді шешу және стандартты мәселелердің жаңа шешімдерін табу
Бірлік сақтау, жабыла әрекет ету, командамен жұмыс істеу
өзімізді дамыту және нарық пен қоғамды дамытуға көмектесу
Адамгершілікті ұмытпау, қорғансыз адамдарға көмектесу

КОМПАНИЯ тарихы

БРИФ компаниясын жас социологтар 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялауға 10 күн қалғанда  құрды.

Біздің мақсатымыз – Қазақстанда маркетингтік зерттеулер жүргізу болды. Ол кезде бұл зерттеулердің аса жаңа бағыты еді, сондықтан алғашқыда клиенттер мен тапсырыстар болмады. .

1991-93 жылдары біз халық арасында сұрақтарды өз қаражатымызға жүргізіп, оларды қазақстандық жаңалықтар мен баспасөз басылымдарында шығарып жүрдік. Сөйтіп, танымал бола бастадық.  

1993 жылы алғашқы клиенттер мен салмақты тапсырыстар пайда болды. Командамыз үлкейді, кеңсе ашылды, біз бүкіл Қазақстан бойынша далалық сұхбат алушылар желісін дамыттық. Сонымен қатар жаңа әдістер мен амалдар – фокус-топтар мен нарықтар сараптамасын – игердік. Зерттеулерді бизнес ретінде дамыту үшін халықаралық кеңесшілерді шақырдық. Сонымен бірге біз Орта Азияның басқа елдерінде (Өзбекстан, Қырғызстан) зерттеулер жүргізе бастадық.

1996 жылы біз халықаралық зерттеу кәсіби ассоциациясы  ESOMAR – ға мүше болып кірдік. Осы ассоциацияның жыл сайын өтетін конгрестеріне белсенді қатыстық. Барлық жобаларымызды халықаралық этикалық кодекске сәйкес жүргізе бастадық. Клиенттеріміздің арасында белгілі халықаралық компаниялар мен ұйымдар, коммерциялық және әлеуметтік институттар пайда болды.

1997 жылы қазақстандық БАҚ медиа-аудиториясын танымал халықаралық стандарттарға сәйкес өлшеу үшін Ресейдің  Gallup Media компаниясымен бірлескен  Gallup Media Asia (қазір – TNS Central Asia) компаниясын құрдық.  

2001-2004 жылдары БРИФ Қазақстанда кәсіби ассоциациялар құру процесіне белсене қатысты, олар: НАСО – PR мен қатынастар саласындағы мамандар, КАПИОР – кәсіби зерттеуші компаниялар үшін құрылды. Бұл ассоциациялар зерттеу индустриясында стандарттар орнатады және оларды реттейді.

Қазір BRIF Research Group командасы өз клиенттеріне бизнес-мәселелерін шешуге, жетістіктерге жетуге көмектесе отырып, белсенді дамып, жаңа технологиялар, амалдар мен әдістемелерді игеруде.  

Осы жылдар ішінде БРИФ 5 қызметкері бар шағын компаниядан 50 кәсіби маманы, бүкіл елімізде 400 астам сұхбат алушыны (интервьюер) құрайтын желісі бар үлкен командаға айналды. Біз зерттеулермен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Монголияны қамтыдық.  

Біздің клиенттеріміз көптеген жылдар бойы бізбен үзеңгілес келеді, себебі біздің жұмысымыздағы серіктестік қарым-қатынасты, олардың мәселелерін түсініп шешуге тырысатынымызды, қатынастар мен әріптестіктегі жылдамдық пен икемділікті, сонымен бірге 30 жыл бойы жинақтаған тәжірибе, сараптама мен хабардарлығымызды бағалайды. 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

BRiF Research Group қолдауға мұқтаж адамдарға көмек көрсетеді.  

2000 жылдан бері біз Леңгірдегі мүмкіншіліктері шектелген балалар интернат-үйімен байланыс жасап, балаларға  көмектесіп тұрамыз.  .

Біз бөтен бала болмайды, немқұрайлылық көп болады деген пікірді ұстанамыз. Біз немқұрайлылық танытпаймыз, ал балалар бізге алғыспен жауап қайтарады.

No post found!

Біздің клиенттер