Сапалық зерттеулер

Зерттеулердің сапалық әдістемелері зерттелетін мәселе бойынша деректер аз болған жағдайда немесе тереңірек, күрделі ақпарат жинау керек болғанда қолданылады. Мысалы, жаңа өнім шығарылып немесе брендке көзқарасты анықтау қажет болса сапалық маркетингтік зерттеулер белсенді қолданылады.  

Сандық әдістемелерден айырмашылығы - олар статистикалық өлшемдерге шоғырланбай, эмпирикалық деректерді түсіну, түсіндіру мен талдауға сүйенеді және ғылыми болжамдар, инсайттар мен жемісті ойлардың  қайнар көзі болып табылады. 

BRIF Research Group компаниясы сапалық зерттеулерді 1997 жылдан бастап жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде біз әртүрлі облыстарда 300-ден астам сапалық маркетингтік зерттеулер өткіздік.  

BRIF Research Group қолданатын сапалық зерттеулердің негізгі әдістемелері мынадай: 

  • Фокустық топтар (стандартты және шағын топтар)
  • Тереңдетілген сұхбаттар  
  • Үй кездесулері 
  • Онлайн форумдар
  • Этнографиялық зерттеулер
  • Accompanied Shopping (ілесе жүріп сатып алу )
  • Eyetracking Study
  • Online Research
  • BRIF View

Кейсы / Кейсы методике

Методики используемые для расширения

Другие решаемые методики