Нарық пен сатып алушыларды сегменттеудің негізгі мақсаты тұтынушылардың қандай да бір тауар/қызметке көзқарасын түсіну үшін нарықты сипаттамалары ұқсас топтарға бөлу болып табылады. Тұтынушыларды бірыңғай топқа бөлгенде компанияның әр топпен бөлек қарым-қатынас жасауының тиімділігі артады, өйткені біз әр топтың талап-тілектері мен ерекшеліктерін жақсырақ түсіне бастаймыз.
Нарық пен сатып алушыларды сегменттеу масс-маркеттің шарықтаған бәсекелестік сегменттерінде жұмыс істеп жүрген компаниялар үшін өте маңызды. Өз тұтынушысын жақсы түсіну маркетингтің тиімдірек және икемдірек кешенін жасауға мүмкіндік береді.
Сегменттеу үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
BRIF Research Group компаниясы әртүрлі белгілер бойынша нарық пен тұтынушылар сегменттеуді жүргізу тәжірибесіне бай.
Бұл бағытта біз 1995 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Біз аса ірі глобальді және қазақстандық компаниялар мен брендтер үшін тұтынушылар мен нарықтарды сегменттеу бойынша 50-ден астам зерттеу жүргіздік.