Тұтынушыларды зерттеу

Тұтынушы – кез келген компания маркетингінің стратегиясындағы негізгі бөлік. Тиімді стратегия құру үшін өз тұтынушысын білу керек. Оның қарым-қатынасындағы сандық та, сапалық та жайларын түсіну қажет. 

Тұтынушыны зерттеу – сандық та, сапалық та маркетингтік зерттеулерінің өзекті мәселелерінің бірі. Мінез-құлық пен мотивацияның терең түбінде жатқан жақтарын түсіну үшін фокус-топтар мен үйдегі кездесулерді қолдануға болады. Өзінің барлық тұтынушыларының құрылымын түсіну үшін сандық зерттеу өткізіп негізгі сегменттерді бөліп алу мүмкіндігі бар. Тұтынушыны зерттеу мына сұрақтарға жауап алуға көмектеседі:  :

  • Таратылатын өнімнің негізгі тұтынушысы кім?  
  • Сатып алушы болуы мүмкін адамдардың мақсатты топтары қандай? Сегменттеу.  
  • Сатып алушының талғамына өнім, бренд немесе компанияның қандай бейнесі әсер етеді?  
  • Тұтынушы өнімнен не күтеді?  
  • Тұтынушының негізгі талғамына не әсер етеді?  
  • Потенциалды тұтынушы үшін жарнамаланған тауардың қандай қасиеттері   маңызды?   
  • Өнімнің қолдану процесі немесе пайдалануы қалай құралады?  

BRIF Research Group – тың тұтынушыларды зерттеу тәжірибесі  

Тұтынушыларды зерттеу – бізге өз зерттеулерімізде әсіресе жиі кездесетін мәселелердің бірі. Тұтынушыларды зерттеуді біз 90-шы жылдары компания пайда бола салысымен бастадық десем артық айтпаған болар едім.

Біз тұтынушыларды зерттеу үшін көптеген сандық зерттеулер жүргіземіз:

  • Тұтынушылардың қанағаттануы мен ниеттестігін зерттеу
  • Usage&Attitude зерттеу
  • Тұтынушыларды сегменттеу, типология
  • Тұтынушылар мінез-құлқында трендтерді анықтау  
  • Тұтынушылар мен нарық бойынша сандық метрикалар алу (нарық көлемі, сегменттер бойынша айырмашылықтар, динамика)

Сондай-ақ сапалы зерттеулер сияқты:

  • Тұтынушылық мотивациялар, тілек-талаптар мен үміттер  
  • Респондентпен ілесе жүріп затты сатып алу және үй кездесулері